Skip to content

“Қыздарға әсемдік жарасады”. Бүгін осы тақырыпта мектеп парламентінің мүшесі, құқық…

"Қыздарға әсемдік жарасады". Бүгін осы тақырыпта мектеп парламентінің мүшесі, құқық және тәртіп фракциясы Сарбопеева Арайдың ұйымдастыруымен 7-8 сынып қыздарының қатысуымен әңгіме-талқылау өткізілді. Қоғамдағы, мектептегі, ортадағы,үйдегі қыз баланың рөлі мен орны,құқығы мен міндеті, тәртібі мен тәрбиесі сынды әрқашанда өзекті болатын тақырыптар жайында сөз қозғалды. Қыз – елдің ертеңі, болашақтың үміті, осы үлкен мағынасы бар сөздің астарын ақтара алсақ, мақсатымызға жеткеніміз деп білеміз. 11-сынып оқушысының өткізуі, оның кіші сынып қыздарының ұйып тыңдауы жақсы дайындық пен қыздар арасындағы сыйластықтың белгісі.

#балажылы #балаларжылы #балаларжылы2022
#годребенка #годребёнка2022

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *