Бүгін мектебімізде "Отбасы күніне" орай "Отбасы – бақыт мекені" тақырыбында бастауыш сыныптарының арасында сурет көрмесі, 5-7 сыныптар арасында отбасылық фото-көрмесі өтті. Көрме мақсаты балаларға жанұя құндылығы мен маңызын түсіндіріп, ата-анаға құрмет сезімін сіңіріп, бауырларына қамқорлық көрсету дұрыс қағида екенін ұғындыру. Мектеп өміріне ата-аналарымыздың араласуы, ат салысуы бала тәрбиесіне қосқан тағы бір үлесі деп білеміз.
