Бүгін мектебіміздің 8-сынып оқушыларына Маңғыстаулық ұлтжанды зейнеткер,спортшы,еңбек ардагері Қажымұрат Сейілханұлының тағылымды өмір жолына арналған «Адалдық сағаты» өткізілді. Қажымұрат Сейілханұлы 1997-2008 жылдар аралығында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарып, еңбекқорлығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында көптеген жетістіктерге жеткен.
Оқушыларға жалпы Төтенше жағдай департаментінің еліміздің тыныштығы үшін маңызын және халық үшін сақтық-шараларын өткізумен және оларды алдын-алумен қамтамасыз ететіні туралы мағлұмат берілді.
