ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды.
24-29 наурыз аралығында Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде өткізілген олимпиадаға Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты ұйымдардан 40 оқушы қатысып 34 оқушы жүлдегер атанды. 17 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Шара аясында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, олимпиада жүлдегерлері анықталды. Олимпиада қорытындысы бойынша 12 оқушы I орын, 9 оқушы II орын, 13 оқушы III орын жеңімпаздары атанды, ноың ішінде мектебіміздің оқушылары:
🥇
1.Искандаров Даниил – Физика, жетекшісі – Рустамова Л.К.
2.Литвиненко Владислав – Русский язык и литература, жетекшісі – Шведикова Н.В.
🥈
1.Футорянская Анастасия – Биология, жетекшісі – Болотова С.В.
Медведев Руслан – Ағылшын тілі, жетекшісі Кожабаева А.Б.
🥉
1.Назарбекова Дарина – Биология, жетекшісі – Болотова С.В.
Искандаров Даниил Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің 100% грант иегері атанды.