Skip to content

Бүгін, яғни 14наурыз күні «Н.Марабаев атындағы №7мектеп-лицей» КММ-де Наурыз мейрамына…

Бүгін, яғни 14наурыз күні «Н.Марабаев атындағы №7мектеп-лицей» КММ-де Наурыз мейрамына арналған рухани-танымдық мәдени іс-шаралар өтуде. Іс-шараның мақсаты оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
14 наурыз – қазақ халқы үшін ежелден күнтізбедегі айтулы күндердің бірі. Өйткені дәл осы күні ата-бабамыз өкпе-ренішті ұмытып, қыстан аман шыққандарының құрметіне бас қосып, қауышуды құп көрген.
"Қазақ халқы ертеден мал шаруашылығымен айналысқан, көшіп-қонып жүрген. Сондықтан әр ру, ауыл бір-бірімен көктем шыға қауышатын болған. Бұл 14 наурызға тұспа-тұс келген. Сондықтан "көрісу" деп аталған. Бәрі қыстан аман шыққанына қуанып, жастар жағы үлкендерге барып, аман-саулығын сұраған, батасын алған. Үй-үйде дастархан жайылып, жақсы тілектерін білдіретін болған. Тәрбиелік жағынан мәні өте тереңде. Әлі күнге жалғасын тауып келе жатыр. Жастың үлкенге деген құрметі, өкпе-реніштің ұмтылуы, ақ дастархан жайылып, ағайын-туыстың кездесуі, осының бәрі адамдар арасындағы қарым-қатынасты да реттеген.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *