Биылғы оқу жылында еліміздің барлық мектептерінде домбыра сыныптары ашылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай іске асып жатқан бастама. Бұндағы басты мақсат – қазақтың қара домбырасын насихаттау арқылы ұлттық мәдениеттің шоқытығын көтеріп, осы идея төңірегінде қоғам тұтастығын нығайта түсу.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мектептің құрылғанына 50 жыл толуына орай Марабаевтар отбасы мектебімізге он домбыраны салтанатты түрде табыстады. Сыйлықты табыстауға Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаевтың ұлы Ермек, қыздары Сәуле мен Светлана келді.
