13-19 аралығында өтетін "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Н.Марабаева атындағы №7 мектеп-лицейінде қыркүйек айының 14 жұлдызында 10-11 сыныптар арасында мектеп инспекторы Абдуалиев Маулен Мейрханович «Қазақстан Республикасының заңнамасымен іске асыру мақсатында Ақтау қаласы ПБ ЖҚПҚб Ювеналды полиция бөлімшесінің 2021 жылғы IV-тоқсанына» арналған жұмыс жоспарына сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің ойын-сауық орындар мен тұрғын үйден тыс жерлерде түнгі уақытта заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз болуын болдырмау мақсатында түсіндірме іс-шараларын жүргізді.
