Skip to content

Н.А. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің ұжымы, Ихсанов Бақтығали Рысқалиұлының туыстары…

Н.А. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің ұжымы, Ихсанов Бақтығали Рысқалиұлының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Ихсанов Бақтығали Рысқалиұлы Гурьев облысының Новобогат ауданына қарасты Айбас ауылында 1940 жылы 30 желтоқсанда дүниеге келген.
1957 жылы Гурьев қаласындағы С.Орджаникидзе атындағы орта мектепті бітірген соң Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтына тусті. 1962 жылы филология факультетін бітіріп, ұстаздық еңбек жолын Гурьев, Жамбыл облыстарында атқарды. 1967 жылы Мәскеу қаласындағы жоғарғы комсомол мектебінде оқыған. 1972 жылы Жанаөзен қаласына қоныс аударып Жанаөзен аудандық оқу бөлімінің инспекторы қызметіне тағайындалды. 1973 жылы Манғыстау облысының құрылуына байланысты, оның құрамындағы Ералы ауданының аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымына бекітілді. 1983-1989 жылдар арасында Қазақстан Республикасы геология министрлігіне бағынатын оқу-өндірістік комбинатының директор қызметін атқарады. 1989 жылы конкурстық негізде жаңадан ашылған №20 Ақтау қалалық орта мектебінің директор лауазымына тағайындалады. Осы ұжымда Б.Р.Ихсанов басқарған жылдары М.Әуэзов атындағы №20 орта мектеп 1995 жылы Ақтау қаласының, Манғыстау облысының ең «үздік мектебі» атағына ие болды. Аталған мектепте бірнеше облыстық, Республиқалық Олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары, үздіктері тәрбиеленеді. Осы мектептің 5 ұстазы ғылым кандидаты, оның біреуі ғылым докторы дәрежесіне ие болды.
1996 жылы Манғыстау облыстық білім басқармасы басшысы лауазымына тағайындалды. 1999 жылы Манғыстау облыстық әлеуметтік басқармасының орынбасары қызметін осы жылдың мамыр айына дейін атқарды.
2000 -2011 жылдар аралығында Ақтау қаласының №7 мектеп-лицейінің директор қызметін атқарды. Мектептің лицей мәртебесін алуына бірден –бір себепкер болған Бақтығали Рысқалиұлы еді. Бұл күнде №7 мектеп-лицейі қала, облыс көлеміне ғана емес,республикамызға белгілі озық білімнің ордасы. Мектеп 2007 жылы «Табиғатпен үндес үздік мектеп» конкурсының жеңімпазы.
1992-1994 жылдары Ақтау қалалық, 1994-2003 жылдары екі рет Манғыстау облыстық маслихатының депутаттығына сайланған.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *