26-30 сәуір аралығында экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы өтті.
Экологиялық білім беру апталығының мақсаты:
– адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру;
– экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
– өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
Апталық аясында 1-2 сынып оқушылары арасында «Біздің үйдің жануарлары» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Байқау нәтижесінде жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.