Зияткерлік куніне орай 11 наурыз күні мектебімізде «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты 3 «В» және 4 «Б» сыныбының арасында сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының қазақ тіліне деген құрметін молайтып, ұлттық салт-дәстүр бойынша білімдерін таразылау. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын дамыту.
Сайыс 4 айналымнан тұрады:
1-айналым. «Мен елімнің ұланымын» – білім сайысы.
2-айналым. «Асық ойыны» – ұлттық ойыны бойынша сайыс.
3-айналым. «Кім тапқыр?» – сөз құрау сайысы
4-айналым. «Полиглот» – сөзжұмбақты шешу
5-айналым. «Кім мықты?» – ұлттық ойыны бойынша сайыс (екі сыныптың ұлдарының арасында ұлттық арқан тартыс ойыны)
Сайысқа әділ бағасын берер әділ қазылар тағайындалды, Нәтижесінде, 4 «Б» сыныбы жүлделі І орынды, ал 3 «В» сыныбы ІІ орынды қанжығасына байлады. Оқушылардың білімге деген ынтасы мен тілге деген құрметі сайыс барысында анық байқалды. Сайысымыз өте жоғары деңгейде өтті!






