2025 жылдың 23 мамыр күні – “Білімім Отаныма” бірыңғай сынып сағаты өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, білімнің ел болашағы үшін маңызын түсіндіру, отансүйгіштік рухты көтеру және жеке жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, осы күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған эссе байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаз оқушылар ашық тәрбие сағаты барысында салтанатты түрде марапатталды. Бұл шара оқушыларды адалдыққа, әділдікке, еңбекқорлыққа баулу, өз пікірін ашық жеткізуге үйрету және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
#біртұтас_тәрбие