Skip to content

Бүгін Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің акт залында 2024–2025 оқу…

Бүгін Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің акт залында 2024–2025 оқу жылындағы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

«Зияткерлік, шығармашылық, табыс» атты бұл іс-шара мектептің дарынды, білімге құштар оқушыларын, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін біріктірді. Мерекеге мектеп директоры Иманғалиева Гүлден Бисенбаевна мен «Мұнайшы» қорының негізін қалаушысы Марабаева Ләйлә Оқанқызы арнайы қатысып, жеңімпаздарға жылы лебіздерін білдіріп, марапаттар табыстады.

Салтанат барысында 7 «Б» сынып оқушысы Бондарь Кирилл ерекше атап өтілді. Ол «GeoStar – 2025» республикалық олимпиадасының күміс жүлдегері, география пәні бойынша республикалық олимпиаданың қола жүлдегері атанып, «2025 жылдың Үздік оқушысы» құрметті лентасымен және Н.Марабаев атындағы шәкіртақымен марапатталды.

Марапатталған оқушылар қатарында:
Владыкин Глеб, Бақтуғұлова Анара, Жұматаев Мұхаммед, Қадыр Айдар, Крыжановский Алексей, Солонский Михаил, Исаева Томирис, Жұмабек Абылқайыр, Тостиева Елизавета, Асетова Айжан, Үсенова Лилия, Есин Глеб, Смоленская Виталина, Малкова Полина, Балабеков Елдар және басқа да білім жолында табандылық көрсеткен оқушылар болды.

Мұндай үлкен жетістіктерге жету үшін оларға бағыт-бағдар беріп, дайындық жүргізген ұстаздар да ұмыт қалмады. Марапаттау барысында Ильясова Н.Т., Костылева О.Д., Аскармахмудова Л.А., Мубаракова Б.М., Мамиева Дж.Г., Кожабаева А.Б., Рустамова Л.К., Агаджанова Ш.С., Умиралиева Д.Т., Петрова Н.Ю., Шарина С.В., Жаркова А.В., Идаев Ж.Е. сынды ұстаздарға алғыс білдірілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *