2025 жылдың 30 мамыр күні мектебімізде 4-сынып оқушыларының қатысуымен Балаларды қорғау күніне арналған көңілді спорттық эстафета ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және балалардың жазғы демалысын көтеріңкі көңіл-күймен бастау.
Спорттық жарыс барысында балалар бірнеше қызықты кезеңдерден өтіп, командалық рух пен ұйымшылдықты көрсете білді. Әр кезең балалардың ептілігін, шапшаңдығын және тапқырлығын тексеруге бағытталды. Эстафета жоғары деңгейде өтті, балалар белсенділікпен қатысып, бір-бірін қолдап отырды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға базарлықтар табысталып, балалардың жүздерінде шаттық пен қуаныш көрініс тапты. Мұндай игі бастамалар оқушылардың жан-жақты дамуына, достық пен сыйластықты арттыруға ықпал етеді.
30 мая 2025 года в нашей школе прошла весёлая спортивная эстафета, посвящённая Международному дню защиты детей, с участием учащихся 4-х классов. Цель мероприятия – укрепление здоровья подрастающего поколения, популяризация здорового образа жизни и создание радостного настроения в преддверии летних каникул.
Во время эстафеты дети прошли несколько увлекательных этапов, проявив командный дух, ловкость, быстроту и смекалку. Соревнования прошли на высоком уровне, каждый участник активно включался в процесс и поддерживал свою команду.
В завершение мероприятия всем участникам были вручены сладкие угощения, что стало приятным завершением праздника. Радостные улыбки на лицах детей стали лучшей наградой для организаторов. Подобные мероприятия способствуют всестороннему развитию школьников и укреплению дружбы и взаимного уважения в коллективе.