31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Умирадиева Д.Т. мен Аңшыбаева Ә.Б. 5–6 сынып оқушыларын ескерткішке апарып, тағылымды шара өткізді.
ХХ ғасырда Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғындалып, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Арасында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов сынды ұлт зиялылары бар. Әйелдер мен балалар да зардап шекті. 1993 жылы қабылданған заң арқылы көпшілігі ақталды. Президент Қ.Тоқаев: «Жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз», — деп атап өтті.
31 мая — День памяти жертв политических репрессий. В этот день учителя казахского языка и литературы нашей школы Умирадиева Д.Т. и Аншыбаева Ә.Б. провели памятное мероприятие с учащимися 5–6 классов, посетив памятник.
В ХХ веке в Казахстане было репрессировано более 125 тысяч человек, 25 тысяч были расстреляны. Среди них — видные деятели, такие как А. Букейхан, А. Байтурсынов, М. Дулатов. Женщины и дети также пострадали. В 1993 году принят закон об их реабилитации. Президент К. Токаев отметил: «Только помня каждого невинно осужденного, мы откроем путь в светлое будущее».