Skip to content

2025 жылғы 18 маусымда Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде 11-сынып…

2025 жылғы 18 маусымда Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау салтанаты өтті.

2024–2025 оқу жылында жалпы орта білім туралы аттестатты 84 түлек алды. Олардың ішінде «Алтын белгі» иегері – Юхимец Глафира. Ерекше үлгідегі аттестатты алғандар: Владыкин Глеб, Джуматаев Мухаммед, Джумағалиева Ақмаржан. Сонымен қатар, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жүлдегері атанған 19 түлекке жеке пәндерді терең меңгергені үшін Мақтау грамоталары табысталды.

Лицей директоры Иманғалиева Гүлден Бисенбаевна өз құттықтау сөзінде 2025 жылғы түлектердің олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында, спартакиадалар мен шығармашылық сайыстарда жоғары жетістіктерге жеткенін ерекше атап өтті. Бұл – республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері: Владыкин Глеб, Джуматаев Мухаммед, Джумағалиева Ақмаржан, Исаева Томирис, Үсерхан Сабина, Жұмабек Әбілқайыр, Әсетова Айжан, Есин Глеб, Крыжановский Алексей, Олейников Тимур, Бактугулова Анара және басқа да оқушылар.

Түлектер спорт саласында – баскетбол, шахмат, дебаттар, сондай-ақ волонтерлік қызметте де жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Мектеп өмірінде ерекше орын алған – мектеп театрының қойылымдары, мюзиклдер, фильмдер мен бейнебаяндар түсіру арқылы шығармашылық шабыт пен қуаныш сыйлаған жобалар болды.

Мектеп президенті Исаева Томирис бастаған мектеп өзін-өзі басқару ұйымы оқушылар ұжымын белсенді түрде басқарып, мектеп белсенділері Асылбек Камилла, Сарсембай Ару, Зарубекова Шолпан, Зироян Виктория, Канапина Алуа, Баймаханова Жибек, Нурмахан Нурикамал және басқа да оқушылардың қатысуымен көптеген креативті жобаларды жүзеге асырды.

Бүгін 84 жарқын жұлдыз мектеппен және балалық шағымен қоштасып жатыр.
Жолдарың болсын, қымбатты түлектер!

******************
18 июня 2025 года в КГУ «Школа-лицей № 7 имени Н. Марабаева» состоялось торжественное вручение аттестатов выпускникам 11-х классов.
👇👇👇👇👇

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *