Skip to content

📚 Назар аударыңыздар, ата-аналар мен оқушылар! 1 қыркүйек жақындап қалды…

📚 Назар аударыңыздар, ата-аналар мен оқушылар!
1 қыркүйек жақындап қалды — мектеп формасын дайындайтын уақыт келді 👔👗

🎓 Мектеп формасына қойылатын негізгі талаптар:

👧 Қыздарға:
▫️ Қатаң, классикалық үлгідегі қою көк түсті костюм (юбка тізеден 5 см жоғары болмауы керек, пиджак)
▫️ Ақ мерекелік блузка немесе ашық түсті жейде — күнделікті киім
▫️ Аяқ киім — классикалық, өкшесі 3 см-ден аспауы керек
▫️ Суық мезгілде: жакет, сарафан, пуловер, ашық түсті водолазка
▫️ Мерекелерге — парадтық киім (ақ блузка немесе жейде)

👦 Ұлдарға:
▫️ Қою көк түсті классикалық костюм (шалбар, пиджак)
▫️ Ақ көйлек — мерекелік, ашық түсті жейде — күнделікті
▫️ Аяқ киім: классикалық туфли, мокасин, лофер, жартылай классикалық етік
▫️ Суық мезгілде: жакет, бомбер, пуловер, водолазка
▫️ Мерекелерге — парадтық форма

🚫 Тыйым салынады:
✖️ Бас киімдер (хиджаб, орамал, тақия)
✖️ Макияж, тырнақ бояу, бетті әрлеу
✖️ Биік өкшелі аяқ киім
✖️ Металл әшекейлер мен бижутериялар

🏃‍♀️ Дене шынықтыру, технология, АӘД сабақтарында — арнайы спорттық форма мен аяқ киім қажет!

📆 Кеңес: Мектеп формасын алдын ала дайындаңыз — сабырлы әрі сенімді түрде жаңа оқу жылын бастаңыз 😉

#мектепформасы #1қыркүйек #мектепкедайындық #атааналарға #оқушыларға

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *