Skip to content

2025-жылдың 22-қазаны күні 9-сынып оқушыларына Идаев Ж.Е. бастауымен Тобанияз Әлниязұлының…

2025-жылдың 22-қазаны күні 9-сынып оқушыларына Идаев Ж.Е. бастауымен Тобанияз Әлниязұлының 150 жылдығына орай танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі Тобанияз Әлниязұлының (1875–1938) өмір жолы мен ел тарихындағы рөлі туралы кеңінен мағлұмат алды. Ол Маңғыстау өңірінде дүниеге келіп, жастайынан ел ісіне араласқан, әділдігі мен шешендігімен халық арасында беделге ие болған тұлға.
Тобанияз Әлниязұлы ХХ ғасырдың басында қазақ халқының тәуелсіздігі мен бірлігі жолында қызмет етті. 1917 жылы құрылған Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінде белсенді жұмыс атқарып, елдің қоғамдық және саяси өміріне зор үлес қосты. Азамат соғысы жылдары өңірдегі халықты қорғап, елдің тұтастығы үшін күресті.
Сабақ барысында оқушылар Тобанияз батырдың ерлікке толы өмірі мен қайсар тұлғасын дәріптейтін бейнематериалдар тамашалады. Сонымен қатар, оның елге жасаған еңбегі, әділдік пен отансүйгіштік қасиеттері жайында ой бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – ұлт тарихындағы көрнекті тұлғалардың өмірін үлгі ете отырып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық және тарихи жадыны қалыптастыру болды.
Шараға 52 оқушы, 2 мұғалім қамтылды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *