Skip to content

2025-жылдың 15-қазаны күні «Адал азамат» біртұтас тәрбиесінің жоспарына сай және…

2025-жылдың 15-қазаны күні «Адал азамат» біртұтас тәрбиесінің жоспарына сай және Конституцияның 30 жылдығына орай Оралхан Арманұлының жетекшілігімен «Жастарға патриоттық тәрбие беру – ел ұстанымы ма?» дебат туниры өтті. Іс-шараға жоғары сынып оқушылары, сынып жетекшілер мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Турнир барысында қатысушылар еліміздің болашағы — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырудың маңыздылығын талқылады. Дәлелдер мен ой-пікірлер арқылы оқушылар өз көзқарастарын еркін жеткізіп, шешендік қабілеттерін шыңдады.
Шараның басты мақсаты — оқушыларды елжандылыққа, өз елінің тарихы мен құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтық ұстанымдарын нығайту болды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *