1–4 сынып оқушыларына арналған сабақ
Тақырып: «Мен не дұрыс, не бұрыс екенін білемін!»
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының жеке шекаралар мен зорлық-зомбылық түрлері туралы түсінігін қалыптастыру, зорлық әрекеттерін тану қабілетін дамыту және қауіпті немесе қолайсыз жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін қалыптастыру.
Өткізу формасы: Әңгіме, ойын-ситуациялар, бейнежазба талдау
Нәтиже: Оқушылар жеке қауіпсіздік, шекара сақтау және көмек сұрау дағдыларын меңгерді.
________________________________________
5–9 сынып оқушыларына арналған сабақ
Тақырып: «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, қорғануды үйрен!»
Мақсаты: Жасөспірімдерде зорлық-зомбылық мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыру, жеке шекаралардың маңыздылығын түсіндіру және күнделікті өмірде оларды қорғау дағдыларын дамыту.
Өткізу формасы: Топтық пікірталас, сұрақ-жауап, рөлдік ойын
Нәтиже: Оқушылар өз шекараларын анықтауды, «жоқ» деп айту және қиын жағдайда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығын түсінді.
________________________________________
10–11 сынып оқушыларына арналған сабақ
Тақырып: «Жеке шекара және зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әрекет етемін»
Мақсаты: Жасөспірімдерде зорлық-зомбылық пен жеке шекаралардың бұзылуы мәселесін түсіндіру, әлеуметтік жағдайларды сыни бағалау қабілетін арттыру және тиімді өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту.
Өткізу формасы: Тренинг, пікір алмасу, нақты өмірлік мысалдарды талдау
Нәтиже: Оқушылар жеке жауапкершілікті сезіну, өз құқықтарын қорғау және достарына қолдау көрсету дағдыларын дамытты.
________________________________________
Қорытынды:
Барлық параллель сыныптарда өткізілген іс-шаралар нәтижесінде оқушылардың жеке қауіпсіздік туралы түсінігі кеңейді, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік көзқарасы қалыптасты. Педагогтар мен психологтар оқушылармен кері байланыс жүргізіп, пайдалы кеңестер берді.
________________________________________
Шешім қабылданды:
1. Сынып жетекшілеріне оқушылардың жеке қауіпсіздігі бойынша жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.
2. Педагог-психологтарға зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жеке және топтық кеңес жұмыстарын өткізу.
3. Оқушылар арасында сенім телефондары мен көмек көрсету қызметтері туралы ақпаратты кеңінен





