1–4 сынып ата-аналары үшін
Тақырып: «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау»
Мақсаты: Ата-аналардың баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның жеке шекараларын сақтауға, зорлық-зомбылық белгілерін дер кезінде тануға және мазасыздық сигналдарына дұрыс әрекет етуге дайындығын қалыптастыру.
________________________________________
5–9 сынып ата-аналары үшін
Тақырып: «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі — сенім мен жеке шекараға құрмет»
Мақсаты: Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған жағдайларды қалыптастыру; қорғау ережелерін түсіндіру және отбасындағы сенім мен жеке кеңістікті қабылдау ортасын құру.
________________________________________
10–11 сынып ата-аналары үшін
Тақырып: «Шекара мен қолдау: жасөспірімге өмірлік сынақтарды еңсеруге қалай көмектесуге болады»
Мақсаты: Ата-аналарда жеке шекаралардың және психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, сенімді нығайтуға және жасөспірімнің эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін конструктивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
________________________________________
Қорытынды:
Ақпараттық отырыс барысында ата-аналарға бала мен жасөспірімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары, зорлық-зомбылықтың түрлері және оны болдырмау шаралары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Шешім қабылданды:
1. Сынып жетекшілеріне оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты профилактикалық жұмыстарды жалғастыру.
2. Ата-аналарға жеке шекара мен сенім атмосферасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар беру.
3. Мектеп психологымен бірлесіп, оқушылардың психологиялық ахуалын бақылауда ұстау.





