2025 жылдың 20-қарашасы күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сай «Әділдік және жауапкершілік» құндылығының аясында «SMART BALA» жобасына сай «Startup» байқауы өтті. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысып, 11 жоба қорғады. Байқау барысында қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларын ұсынып, жобаларының маңыздылығы мен қоғамға пайдасын жан-жақты дәлелдеп шықты. Оқушылар IT-технология, экология, білім беру, әлеуметтік мәселе шешу, смарт құрылғылар және қолданбалы инженерия бағыттарында тың шешімдер ұсынды.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға төмендегі оқушылар иеленді:
1 -орын: Шманова Мадина, Байтемиров Алмат
2 -орын: Панакулова Мадина, Журинтаева Асель
2-орын : Мырзабаева Амира
3 -орын: Толыбай Темирлан, Адильбеков Алдияр
3-орын : Газова Тамиля, Хаирова София
3-орын: Муналбай Жасулан, Сулейменов Есен, Кошербаев Алмас
Әр жоба жаңашылдық, орындалу мүмкіндігі, қоғамдық пайдалығы, креативтілігі, презентация сапасы критерийлері бойынша бағаланды. Қатысушылар өз жұмыстарын сенімді қорғап, кәсіпкерлік ойлау, командада жұмыс істеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті.
