2025 жылдың 20-қарашасы күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сай «Әділдік және жауапкершілік» құндылығының аясында құққық негіздері пәні мұғалімі Идаев Ж.Е. ұйымдастыруымен 10-сынып оқушыларының қатысуымен16-қараша «Халықаралық толеранттылық күніне» орай «Толеранттылық пен бейбіт қатар өмір сүрудің үлгісі» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Шараға 74 оқушы, 4 мұғалім қамтылды. Сабақ барысында оқушылар толеранттылықтың қоғамдық қатынастардағы рөлі, ұлтаралық келісім мен өзара құрметтің маңызы туралы ой бөлісті. Мұғалім Идаев Ж.Е. түрлі өмірлік жағдайларға қатысты мысалдар келтіре отырып, оқушыларға пікірталас жүргізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қатысушыларға еліміздегі этносаралық келісім тәжірибесі, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолдары түсіндірілді.
Шара соңында оқушылар «толеранттылық» ұғымына өз анықтамаларын беріп, бейбіт қоғам қалыптастыруда әр азаматтың жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.




