Skip to content

Кіріспе Жиналыс ДТЖО тарапынан ашылып, ата-аналарға жиналыстың мақсаты мен күн…

Кіріспе
Жиналыс ДТЖО тарапынан ашылып, ата-аналарға жиналыстың мақсаты мен күн тәртібі таныстырылды. Оқушылардың қауіпсіздігі, жеке шекара мәдениеті, ата-ана мен бала арасындағы сенім орнату мәселелері бойынша өзектілігі атап өтілді.
________________________________________
Күн тәртібі:
Бала мен жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғау, жеке қауіпсіздік пен жеке шекара мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау.

5–9 сынып ата-аналары үшін өткізілген бөлім:
Тақырып: Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет
Мақсаты: Жасөспірімді қорғайтын жағдайларды қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, отбасында сенімге негізделген қарым-қатынас пен жеке кеңістікке құрмет көрсету ортасын құру.
Талқылау барысында ата-аналарға:
– жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері;
– отбасындағы сенімділіктің маңызы;
– жеке шекараларды бұзудың салдары;
– ата-ананың балаға қолдау көрсету тәсілдері түсіндірілді.
________________________________________
5–9 сынып оқушылары үшін өткізілген бөлім:
Тақырып: Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, қорғануды үйрен!
Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық түрлері, оны алдын алу жолдары, «жоқ» деп айту дағдылары, қауіпті жағдайларды тану және көмек сұраудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушыларға психологиялық тренинг элементтері, рөлдік ойындар және жағдайлық мысалдар көрсетілді.
________________________________________
Қорытынды:
Жиналыс барысында ата-аналар мен оқушылардың ақпараттануы артты. Педагогтар қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын атап өтті. Ата-аналар ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.

Шешім қабылданды:
1. Сынып жетекшілеріне оқушылармен жеке шекара, қауіпсіздік ережелері жөнінде жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жалғастыру.
2. Педагог-психологқа ата-аналармен және оқушылармен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кездесу, тренингтер ұйымдастыру.
3. Ата-аналарға үйде сенімді қарым-қатынас қалыптастыру және баланың жеке кеңістігіне құрметпен қарау бойынша ұсыныстарды орындау.
4. Мектеп әкімшілігіне қауіпсіздік бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз етуді жалғастыру.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *