«Адал ұрпақ» жобасының негізінде ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мектепішілік жиналыстар өткізілді. Жиналыста ата-ана мен мектеп арасындағы жемқорлыққа байланысты заң бұзушылықты болдырмаудың жолдары мен ережесі айтылды. Ата-аналар мен сынып жетекшілердің ара-қатынасындағы этика туралы сөз қозғалды. Бұл шара заң шекарасынан шықпай, ата-ана мен мектеп арсындағы байланысты нығайтуға әсері мол.
Шара мақсаты:
1) Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту;
2) Ата-аналарды мектеп өміріне араластыру;
3) Жемқорлықтың алдын алу;
