Ақтау қаласында 16 маусым күні орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған форум болып өтті. Форумның мақсаты -Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының білім сапасын көтеру және білім беруде цифрлық технологиялардың қолдану ауқымын арттыру. Форумға НЗМ ДББҰ басқарма төрайымы К. Шәмшидинова,Bilim Media Group директоры Р.Кенжеханұлы және НЗМ ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Ж . Абдильдиналар қатысты.Форум білім беру ұйымдары мен ұстаздарды марапаттаумен жалғасын тапты. Осы орайда 2020/ 2021 оқу жылындағы қашықтықтан оқытудағы Г . Имангалиева басқарып отырған Н . Марабаев атындағы 7 мектеп -лицей ұжымының жетістіктері атап өтілді. Қашықтықтан оқытуда цифрлық технологиялардың жоғары мүмкіндіктері мен тиімді
әдіс -тәсілдерін игеруде
ұжымның ұстаздар қауымы , оқушылар, ата-аналар бірлесе отырып толық электронды оқу порталдарын қолдана білуі оқу сапасын көтеруге оң ықпал етті.
Форум соңында Г.Қалмұратова мен НЗМ ДББҰ Басқарма төрайымы К. Шәмшидинова “Маңғыстау облысының білім саласын дамытуға арналған Жол картасы “ жобасына қол қойды. Мектеп ұжымы жетекші мектептер арасынан НЗМ мен серіктес ретінде өнімді ынтымақтамтықта болғаны үшін және Маңғыстау облысы мектептері арасында үздік көрсеткішке қол жеткізгені үшін “BILIM LAND” инновациялық компаниясының алғыс хаттарымен марапатталды.