Әлемдегі жағдайға байланысты білім саласындағы қиындықтарға қарамастан мектебіміз үшін биылғы оқу жылы табысты болды.Мектеп бітіруші жас түлектеріміз Қадырова Зарина мен Күзенбаева Айгерім 11 сыныпты Алтын белгімен аяқтады.Қадырова Зарина
математика пәнінен бірнеше рет республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері. Биылғы ҰБТ көрсеткіші бойынша 135 балл жинап ,облысымызда көш бастап келеді.Ал Күзенбаева Айгерім орыс тілі пәнінен ,Тілеужан Айтқали -информатика, Павлова Алина -математика пәндерінен олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері.
Жас түлек Рустамов Аттила шығыс жекпе -жегі Ушудан әлем чемпионы атанып, республикалық пәндік олимпиададан жүлделі орын алып ,мектебміздің даңқын аспандатты. Аттиланың ата -анасына министр А . Аймағанбетовтың Алғыс хатын мектебіміздің басшысы Гүлден Бисенбайқызы салтанатты түрде табыс етті.
Қымбатты Жас түлектер, талапкерлер!!! Сіздер үшін нағыз өмірдің есігі енді ашылды. Ұясынан ұшып , қияға қанат қаққан балапандай білім іздеп әлемнің әр түкпіріне аттанасыңдар! Қазір сіздер үшін
бүкіл әлемнің есігі айқара ашық.Сіздерге осы жолда мықты денсаулық ,қайтпас қайсарлық, таудай талап, мұқалмас жігер , шабыт тілейміз.Еліміздің ертеңі – сіздер сияқты жастардың қолында!
Біздер , ұстаздарыңыз сіздерге сенеміз және үміт артамыз.
Өмір атты қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұзақ жолда сапарларың сәтті болсын!!!