Skip to content

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жоспарына сай 1-4 сынып оқушыларының…

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жоспарына сай 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына «Сенім арту – жетістік кепілі. Қиын жағдайда баланы қалай қолдау керек?» тақырыбында 2024 жылдың 5 наурыз күні сабақ өтілді. Сабаққа 25 ата-ана қатысты.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
ата-аналардың баласына қандай да бір қиын жағдайда дұрыс және жедел көмек көрсетуге деген ұмтылысын ынталандыру;
ата-аналардың қиын жағдайлардың түрлері және оларға тап болған балаларды қолдаудың тиімді тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту;
қиын жағдайларды шешу кезінде ата-аналардың баланың күшті тұстарына сүйену дағдыларын дамыту.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *