Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жоспарына сай 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына «Әр нәрсенің өлшемі бар. «Қажеттілік» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?» тақырыбында 2024 жылдың 13 наурыз күні дөңгелек үстел форматында сабақ өтілді. Сабаққа 21 ата-ана қатысты.
Мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
– ата-аналардың баламен оң қарым-қатынас жасауға, жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға деген ұмтылысын дамыту;
– ата-аналардың жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмі және мінез-құлықты реттеу тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту;
– жасөспіріммен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
