Skip to content

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жоспарына сай 5-9 сынып оқушыларының…

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жоспарына сай 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына «Бұлақ көрсең көзін аш. Тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту» тақырыбында 2023 жылдың 19 қаңтарында сабақ өтілді. Сабаққа 12 ата-ана қатысты.
Сабақтың мақсаты:
Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар, балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналарымен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.
Міндеті:
1. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда мектеп пен отбасы арасындағы іс-қимылды нығайту;
3. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болып табылады

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *