Skip to content

Батырханов Раджан Армиевич ерлігіне арналған сынып сағаты өтті. Шараға 24…

Батырханов Раджан Армиевич ерлігіне арналған сынып сағаты өтті. Шараға 24 оқушы қамтылды.

8В сынып оқушылары Батырханов Раджан Армиевичтің ерлігі тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Раджан Армиевич Батырханов 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Мектеп кезінен-ақ ол офицер-шекарашы болуды армандаған. Бұл оның ең басты мақсаты еді, өйткені шекарашылар қатарында адалдық пен ерлікті көрсете алатынына сенімді болды.

1993 жылдың мамырында ол мерзімді әскери қызметке шақырылып, Курчум шекара отрядына жіберілді. Осылайша, оның арманы орындалды. Кейін Тәжікстанда ТМД-ның сыртқы шекараларын қорғау үшін әскери қызметкерлер қатарынан еріктілер таңдалғанда, Раджан өз еркімен бұл қызметке аттанды.

1994 жылы 28 қыркүйекте 200-ден астам қаруланған Хаким тобының содырлары шекарадан өтіп, Хорог қаласына бет алды. Қазақ және ресейлік шекарашылар, оның ішінде Раджан да бар, олардың жолын бөгеді. Қызу шайқас барысында Раджан содырлардың бір тобының шекарашыларды жан-жағынан қоршамақ болғанын байқап, оларға оқ атып, шабуылды өзіне бағыттады. Осы ерлігі арқасында шекарашылар қайта топтасып, жауды тылдан соққыға жықты. Алайда, Раджанның өзі ауыр жараланып, ерлікпен қаза тапты.

Бұл сынып сағаты оқушыларға Батырханов Раджан Армиевичтің отансүйгіштігі мен батылдығын үлгі ете отырып, Отан қорғаудың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *