Skip to content

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында…

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында директордың тәрбие жұмысының орынбасарларына және қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар-практикум.
2. Мектеп психологтары: Корниенко О.Б. мен Авезова З.Я. “Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі” тренингі
3. Есенгалиева Ә.М. «Жаңа форматтағы ата-ана жиналысы» мастер классы.
4. «Ата – ана педагогикалық қолдау орталығы» туралы түсіндірме жұмысы.
2023 жылдың 31 қазанында ДТЖО Жаксыбаева Л.А. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында директордың тәрбие жұмысының орынбасарларына және қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар-практикумы бойынша сөз қозғады. Бағдарламаның мақсаты мен міндетін жәнек осы бағдарламаны жүзеге асырудағы сынып жетекшілердің рөлін түсіндірді.
Мектеп психологтары: Корниенко О.Б. мен Авезова З.Я. “Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі” тренингін өткізді. Тренингте ата-анамен жұмыс барысындағы психологиялық аспекттерді көтеріп, жұмыстың тиімді бағыттарына жол сілтеді.
Есенгалиева Ә.М. «Жаңа форматтағы ата-ана жиналысы» мастер классын өткізді. Бұл бөлімде жиналысты заманауи үлгіде, құндылықтар мен мақсатқа жетуге ыңғайлы етіп ұйымдастырудың тиімді екенін көрсете алды.
«Ата-ана педагогикалық қолдау орталығының» мақсаты мен міндеті түсінділіп, сынып жетекшілерге жаңа баыттар көрсетілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *