“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жоспарына сай 2024 жылдың 4-қазаны күні мектебімізде 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Дублер күні” өтті. Мұғалімдердің орнын ауысиыруға 82 оқушы жұмылдырылды. Оқушылар 1,2 ауысымның сабақтарын толық өткізді. Ұстаздар күні мерекесіне орай 11А,Б,В сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік кеш өткізді. Кеште оқушылар өлең оқып, ән айтып ұстаздарға деген жылы лебіздерін білдірді.
Дублер күнінің мақсаты: оқушылар мен педагогтердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың әлеуметтік құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдай жасау.
Дублёр күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепте өзін-өзі басқару қызметіне тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;
3) барлық сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушылардың бойына жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7) білім беру үдерісінің кері байланысының жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру үдерісінің жай-күйін кешенді бағалау.
4. Дублёр күні жылына кемінде бір рет өткізіледі. Дублёр күнін өткізу мерзімі – Ұстаздар күні қарсаңында.
5. Дублёр күнін ұйымдастырушылар – мектеп парламенті және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы.
6. Өзін-өзі басқару күнін өткізу нысаны – іскерлік (рөлдік) ойын.