Skip to content

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жоспарына сай 2024 жылдың 4-қазаны күні мектебімізде…

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жоспарына сай 2024 жылдың 4-қазаны күні мектебімізде 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Дублер күні” өтті. Мұғалімдердің орнын ауысиыруға 82 оқушы жұмылдырылды. Оқушылар 1,2 ауысымның сабақтарын толық өткізді.

Дублер күнінің мақсаты: оқушылар мен педагогтердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың әлеуметтік құзыретті тұлғасын дамыту үшін жағдай жасау.
Дублёр күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепте өзін-өзі басқару қызметіне тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру;
3) барлық сыныптардың білім алушылары арасындағы достықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушылардың бойына жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7) білім беру үдерісінің кері байланысының жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру үдерісінің жай-күйін кешенді бағалау.
4. Дублёр күні жылына кемінде бір рет өткізіледі. Дублёр күнін өткізу мерзімі – Ұстаздар күні қарсаңында.
5. Дублёр күнін ұйымдастырушылар – мектеп парламенті және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы.
6. Өзін-өзі басқару күнін өткізу нысаны – іскерлік (рөлдік) ойын.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *