«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының және «Еңбегі адал жас өрен» әлеуметтік жобасының жоспарына сай, Қараша – әділдік және жауапкершілік айында 2024 жылдың 21-і күні «Мамандықтар әлемі» атты кәсіптік бағдарберу мақсатындағы іс-шара шара өтті. Шараға 9А сынып оқуышлары, яғни 26 оқушы, 1 сынып жетекші, 1 кәсіптік бағдар беруші маман Баранбаева Ж.М. қамтылды.
Іс-шара барысында оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар талқыланды. Баранбаева Ж.М. мамандық таңдау кезінде ескеру қажет факторларды, соның ішінде жеке қызығушылықтар, қабілеттер және нарықтық сұраныстарды түсіндірді.
Қорытындысында әр оқушы мамандық таңдау бойынша кеңестер алды, ал сынып жетекшісі мен кәсіптік бағдар беруші маман оқушылардың жеке жоспарларын жасауға көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді.
