«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай 2024 жылдың 14-қазан күні Амирсеит А.Қ. жетекшілік ететін 9Б сынып оқушылары Жолдасбаев Нұрбек пен Ибрашев Агзам «Өзіңді буллингтен қорға» тақырыбында ойларын жеткізді. Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің ара жігін ажыратып, оқушылардан сауалнама алды. Сабақтың қорытынды бөлігінде оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар беріліп, дұрыс қорғану тәсілдері айтылды.
Шара мақсаты:
1. Білім алушыларға буллингтің зардабын түсіндіру;
2. Қорғанудың жолдарын көрсету.
