«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай 2024 жылдың 7-қазан күні Амирсеит А.Қ. жетекшілік ететін 9Б сынып оқушылары Баймукашев Алишер мен Жәнібек Салимжан «Цифрлік әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында ой қозғады. Интернеттегі фейк ақпараттарды сүзгіден өткізудің жолдарын көрсетті. Жалған ақпараттың қауіп-қатерін, жалған ақпаратты таратқаны үшін тартылатын жауапкершілікті заң тарапынан талқылады. нашақорлыққа үгіттейтін немесе есірткі сату жолдарын табыс көзіне айналдыруға шақыратын адамдарды тану, қорғану жолын айтты. Оқушыларға өткен ақпарат бойынша тест сұрақтары беріліп, көтерілген маңызды ақпарат қорытындыланды.
Шара мақсаты:
1. Білім алушыларға буллингтің зардабын түсіндіру;
2. Қорғанудың жолдарын көрсету.
