«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай қараша айының 12- күні Юркина Н.М. жетекшілік ететін 4Б сынып оқушыларының қатысуымен «Ұшқыр ой алаңы» тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Шараға 2 мұғалім 26 оқушы қамтылды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, таным көкжиегін кеңейту және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру болды.
Зияткерлік ойын бірнеше бөлімнен тұрды, әр бөлімде оқушыларға әртүрлі танымдық және логикалық тапсырмалар берілді. Қатысушылар тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, өздерінің білімдерін, жылдамдығын және тапқырлығын көрсетті. Жарыс барысында оқушылар өздерінің ойларын еркін жеткізіп, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытты.
Ойын соңында белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды, ал жеңімпаз топқа арнайы сыйлық табыс етілді. Бұл іс-шара оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін шыңдауға зор ықпал етті.
