«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама онкүндігіне» Шаңырақ күнінде «Наурыз-базарлық» тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 5-8 сынып оқушылары қамтылды. Жәрмеңкеде оқушылар және ата-аналар қолдан жасалған өнімдер мен тағамдарды, кітаптарды сатты. Жәрмеңкеден түскен қаражат мектептің әлеуметтік педагогының көмегімен көмекке мұқтаж оқушыларға жұмсалады.
