“Біртұтас” тәрбие жоспарына сай 2025-жылдың 27-ақпаны күні “Алғыс айту” күніне қарсы Шарина С.В. жетекшілік ететін 9Г сынып оқушыларының қатысуымен “Мың алғыс” тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Жалпыхалықтық алғыс айту күнінің мағынасы — Қазақстан халқының бірлігі мен достығының жарқын мерекесі. Ол 2016 жылы 1 наурызда тойлана бастады.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурыз, Алғыс Айту күні ретінде атап өтілетін болды. Бұл күн барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айтатынын ескерді.