Бүгін, 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Бүгінгі жұмыс күні мектебіміздің ұстаздары мен емтихан тапсыруға келген оқушыларының және техникалық жұмысшыларының мемлекеттік ән-ұран орындауымен басталды. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету азаматтардың міндеті болып табылады. Шараға 30 ұстаз, 38 оқушы, 20 техникалық жұмысшы қамтылды.