Skip to content

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 11…

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 11 наурыз күні «Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры ғимаратында тұңғыш рет «ТоpiQ.kz» электрондық оқулықтар платформасының презентациясының тұсаукесері болып өтті.Презентация голографиялық форматта ұйымдастырылған. Іс-шараға республика өңірлерінен білім беру саласының басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері, оқулық авторлары мен қоғам қайраткерлері қатысты.Шараның мақсаты «ТоpiQ.kz» цифрлық оқулықтар платформасын көпшілікке кеңінен тарату. «Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Нығметқызы Баталова семинарға қатысушыларды құттықтап, электрондық оқулықтардың тиімділігіне
ТоpiQ.kz – бұл 1-11 сынып оқушыларына арналған электронды оқулықтар платформасы. Бұл-электрондық оқулықтар жинақталған отандық платформа. Цифрлық оқулық-бұл қағаз басылымының pdf нұсқасы ғана емес, интерактивті тапсырмалар жиынтығы бар дербес мультимедиялық оқыту құралы. Платформа пилоттық білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылында апробациядан сәтті өтіп, жаңа оқу жылынан бастап қолғанысқа енгізілген. Енді TopIQ.kz қазіргі заманғы мектептің талаптарын ескере отырып құрылған электронды оқулықтардың алғашқы отандық платформасына лайықты.Шара соңы «Жаңа толқын-2021» байқауының финалистері «MEZZO» вокалдық тобының өнер көрсетуімен аяқталды.
Бұл цифрлық оқытуда Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейіміздің мұғалімдері мен оқушылары “TopIQ.kz” бағдарламасы бойынша электорнды кітаптардың байқауына дайындық үстінде. “Білімді ел” газетінің редакторы Ляззат Мақсотқызымен кездесіп,қолданыстағы электорныды оқулықтар турасында ой-пікір алмастық.Кездесуден жақсы әсер алдық!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *