ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ФОРУМЫ
16 маусым күні Ақтау қаласының «Хан Шахар» салтанат сарайында Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Жеңістен жетістікке» атты дарынды оқушылардың форумы өтті. Форумға облыс әкімі Н.Ноғаев, облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, педагогикалық шеберлік орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директорлары, аудан және қала бойынша білім бөлімдері басшылары, мектеп директорлары және оқушылардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Форумға халықаралық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының, республикалық жарыстардың, республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегері атанған 168 оқушысы қатысты.
Жеңімпаз оқушылар өздерінің жетістікке жету жолдары туралы ой пікірлерімен бөлісті.
Қозғалған тақырыптар: кітап оқу, мамандық таңдау, ұлттық құндылықтар, ғылымға құштарлық, менің өлкемнің экологиясы, Маңғаз өлкенің жауһарлары, адамның тұлға болып қалыптасуы, робототехника.