DOSBOLLIKE – оқушылар арасында достықты, бір-біріне қолдау көрсетуді, өзара сыйластықты және командалық рухты дамытуға бағытталған мектепішілік жоба. Жобаның мақсаты – жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы ынтымақ пен достықты нығайту.
Осы жобаның жылдық жоспарына сәйкес
«ШЕБЕРЛЕР ҚАЛАСЫ» атты танымдық әрі шығармашылық іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты –
оқушылардың қолөнерге, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру, бір-біріне қолдау білдіру арқылы достық қарым-қатынас орнату, өзара тәжірибе алмасу және қабілеттерін көрсететін орта құру.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі шеберлік бағыттары бойынша өз жұмыстарын таныстырып,
– қолөнер бұйымдары,
– креативті әшекейлер,
– тұрмыстық және декоративті заттар,
– сурет, макет, мини-композициялар
сияқты туындыларын ұсынды.
Оқушылар шеберлікке қатысты тәжірибе алмасып, бір-бірінің идеясын қолдап, жаңа дүниелер жасауға шабыт алды. Іс-шара достық атмосферада өтіп, DOSBOLLIKE жобасына тән құндылықтар – ынтымақ, қолдау, татулық – айқын көрінді.
Қорытынды:
«Шеберлер қаласы» іс-шарасы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз шеберліктерін көрсетті. Ең үздік жұмыстар иелері марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.






