Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасының жоспарына сай 2024 жылдың 23-ақпан күні Амирсеит А.Қ. жетекшілік ететін 8Б сыныбының қатысуымен «Қазақтың Ұлы тұлғалары» тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Шараға 4 топ, 14 оқушы, көрермен ретінде 87 оқушы қатысты. Зияткерлік ойын 3 тур,25 сұрақтан тұрды.
1-орын «Ақыл» тобы;
2-орын «Зият» тобы;
3-орын «Талап» және «Зейін» топтары алды.
«Көрермен көзайымы» номинациясын ән орындаған Аккушимов Дени мен Сейдахметова Амина иеленді.
«Үздік зияткер» номинациясы ұтымды, дұрыс жауаптарымен көзге түскен Жәнібек Сәлімжанға бұйырды.
Ойынның әділ өтуін қадағалаған әділ қазылар алқасына мектеп директоры Имангалиева Г.Б., тарих пәні мұғалімі Ажгалиева Р.Ш., қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нурканова С.Қ. кірді.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларды жан-жақты болуға, тарихы мен бүгінін білуге шақыру;
2. Кітап оқуға, ізденуге талпындыру;
3. Қазақ тарихы мен әдебиетіндегі ұлы тұлғалардың еңбек жолын білуге үйрету.
