Skip to content

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Оқуға құштар мектеп»…

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сай 2024 жылдың 21-ақпан күні Гузеева Ю.С жетекшілік ететін 2Г сыныбының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ақмолдаева Моншақ Дженовнаның ұйымдастыруымен «Қазақ ертегілер әлемінде» тақырыбында Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне қойылым қойды. Шара оқушыларды шығармашылық арқылы кітап оқуға, саралауға шақырады. Шараға 32 оқушы, 2 мұғалім, 1 мектеп кітапханашысы қамтылды.
Шара мақсаты:
1. Кітап оқуды насихаттау;
2. Шығармашылыққа баулу болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *