Кездесу барысында мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қозғалды. Құзырлы органдар өкілдері оқушылармен ашық диалог жүргізіп, маңызды тақырыптар бойынша ақпараттар берді.
Күн тәртібі бойынша қаралған мәселелер:
1. «Жасөспірімдер арасындағы есірткі саудасы»
Құбаев Тұржан Еркінұлы оқушыларға есірткі заттарын қолданудың заңдық және денсаулыққа зиянды салдарын түсіндіріп өтті. Жасөспірімдер арасында есірткіні таратумен байланысты қылмыстардың өсуі алаңдатарлық жағдай екенін атап өтті.
2. «Түнгі қаладағы жасөспірім»
Сайтбаева Сәуле Сапарбаевна жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасыз көшеде жүруіне қатысты заң талаптарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығын айтты.
3. «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу»
Буллинг пен кибербуллингтің түрлері, белгілері мен салдары талқыланды. Оқушыларға әлеуметтік желілерде қауіпсіздік сақтау, жауапкершілік және бір-біріне құрметпен қарау жайлы кеңестер берілді.
Қорытынды:
Кездесу нәтижесінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен тікелей диалог жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға сеп болды. Осындай іс-шаралар құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.