Skip to content

ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық дзюдо…

ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық дзюдо федерациясы, Дзюдо федерациясы және Астанадағы «Жеңіс» дзюдо клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында Астана қаласындағы № 45-ші Келешек мектебінде оқушыларға арналған ең алғашқы мамандандырылған дзюдо спорт залы ашылды.

Меморандумға қол қою шарасына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF), «Жеңіс» спорт клубының жетекшілері, дзюдодан ұлттық құрама мүшелері, олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Әбиба Әбужақынова мен Ғұсман Қырғызбаев қатысты.

Келешек мектептерінде оқушылар дзюдо элементтерін жас ерекшеліктеріне сәйкес және ерікті түрде үйренеді. Бұл спорт түріне көңіл бөлінуінің басты себебі мектепте балалардың көбірек қозғалуы маңызды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеудің маңыздылығын ұдайы айтып келеді. Сол себепті біз орта білім саласында спорттың мазмұнына ерекше мән береміз. Оның ішінде, командалық спорт түрлеріне көңіл бөлінеді. Дзюдоны үйрету барысында алғашқы жылы балалардың қауіпсіздік ережелерін меңгеруі маңызды. Бұл спорт философиясы жастарды қарсыласты сыйлауға, төзімділікке, табандылық пен үйлесімді өмір сүруді насихаттайды. Бұл біздің тәрбиеге жақын. Спорт клиптік ойлау кезеңінде оқушыларды ұстамдылыққа үйретеді», -деді ҚР Оқу-ағарту министр Жұлдыз Сүлейменова.

«Мектептердегі дзюдо» бағдарламасы бүгінде әлемнің 40 елінде сәтті жүзеге асырылуда. Оның мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыруды насихаттау, жас спортшыларды қолдау және оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу. Бүгінде ел аумағындағы 217 Келешек мектебіпте дзюдоны дамытуға басымдық берілуде. Кейіннен келешек мектептеріндегі бұл тәжірибе ел аумағындағы тағы 1000 мектепке таратылатын болады. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңіріндегі жалпы білім беретін мектептерде дзюдодан мамандандырылған залдар ашу жоспарланып отыр. Халықаралық дзюдо федерациясы жаңа залдарды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *