Skip to content

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ата-аналарды қолдау орталығы» жобасының…

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ата-аналарды қолдау орталығы» жобасының «Даналық мектебі» бағытының «Аталар өсиеті» секциясының жоспарына сай 2023 жылдың қараша айында «Жеті атасын бңлген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында даналық сағаты өтті. Шараға Өтеп Ж.К. жетекшілік ететін 2Ә сынып оқушылары және сыныптағы оқушылардың атасы қатысты. Шараға 20 оқушы, 2 мұғалім қамтылды, 2 ата қамтылды. «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.
Бір атадан тараған туыстар әулеттің татулығын бірінші орынға қояды. Өйткені олар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта бірге өседі. Мұндай туыстардың арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке¬ні тәртіп бойынша туыстар бір-біріне қиянат қылмайды, керісінше, сырттай бір-біріне қамқор, жанашыр боп жүреді. Қазақтың «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы бірлік, татулық, сыйластық мәселесі терең қарастырылған. Жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қан тазалығына ерекше мән берген. Мұны үлкен мақтанышпен айтуымыз керек. Себебі бұл бізден басқа бір де бір халықта болмаған нәрсе.
Жеті атаны білу, жеті адамның атын білу ғана емес, солардан тараған ағайын-туысыңды білу. Үлкендеріне сәлем беріп, кішілеріне қамқорлық жасау. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз өз балаларына жеті атасының аты-жөнін, атамекенін, өз руынан шыққан елге сыйлы, белгілі адамдардың атын айтып, өмірін үлгі, өнеге етіп отырған.

Шара міндеті:
• аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
• ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *