Skip to content

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ата-аналарды қолдау орталығы» жобасының…

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ата-аналарды қолдау орталығы» жобасының «Даналық мектебі» бағытының «Әже даналығы» секциясының жоспарына сай 2023 жылдың қазан айында «Әжемнің әңгімесі» даналық сағаты өтті. Шараға Рысқали С.С жетекшілік ететін 1Ә сынып оқушылары және сыныптағы оқушының әжесі қатысты. Шараға 23 оқушы, 2 мұғалім 1 әже қамтылды. «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.

Шара міндеті:
• аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
• ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;
• өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *