Күн тәртібі:
1. 2024-2025 оқу жылының 2-тоқсанындағы оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы (Ильясова Н.Т.)
2. Оқу жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, АКТ және цифрлі құралдарды, ЖИ оқытуды жаұсартуға қолдану (Мамиева Д.Г.)
3. ҰБТ-2025: қалай жоғары балл жинап, өз мамандығыңды дұрыс таңдауға болады. (Зайцева Л. М.)
4. Білім алушылардың уәжімен жұмыс істеу арқылы оқуғы қызығушылығын арттыру (Петрова Н.Ю.)
5. Ғылыми жоба – пәндік білімді тереңдетудің басты құралы (Жигунова Л.А.)
Күн тәртібі бойынша тыңдалды:
1. 2024-2025 оқу жылының 2-тоқсанындағы оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы
Баяндамашы: Ильясова Н.Т.
Ильясова Н.Т. 2-тоқсан қорытындылары бойынша негізгі көрсеткіштерді таныстырды. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы өткен жылмен салыстырғанда жоғарылағаны айтылды. Үздік және жақсы үлгеретін оқушылар саны артқан, алайда кейбір пәндер бойынша білім сапасын жақсарту қажеттігі атап өтілді. Мектепішілік бақылау нәтижелерімен бөлісті және жақсарту бойынша ұсыныстар берді.
Шешім:
• Пән мұғалімдеріне үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасауды жалғастыру.
• Оқу үрдісін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2. Оқу жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, АКТ және цифрлі құралдарды, ЖИ оқытуды жақсартуға қолдану
Баяндамашы: Мамиева Д.Г.
Мамиева Д.Г. заманауи технологиялардың оқу үдерісіндегі маңыздылығын атап өтті. АКТ құралдарын тиімді пайдалану және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.
Шешім:
• АКТ құралдарын қолдану бойынша барлық мұғалімдерді оқыту.
• ЖИ технологиялары арқылы дайындалған оқулықтар мен қосымшаларды пайдалануға ұсыныс беру.
3. ҰБТ-2025: қалай жоғары балл жинап, өз мамандығыңды дұрыс таңдауға болады
Баяндамашы: Зайцева Л.М.
Зайцева Л.М. ҰБТ-2025 бойынша дайындық жоспарымен таныстырды. Жоғары нәтижелерге жету үшін пән мұғалімдерінің және оқушылардың бірлескен жұмысы, сонымен қатар мотивациялық тренингтер мен жеке кеңестер өткізудің маңыздылығы айтылды.
Шешім:
• Әр пән мұғаліміне ҰБТ дайындық жоспарын бекіту.
• Жеке дайындықты ұйымдаст